jitsu gif
Оқыс оқиға

    Лаура Мырзағали мемлекеттік қызметтен босатылды

    Лаура Мырзағали
    Лаура Мырзағали. Фото: Алматы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы

    Алматы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағали мемлекеттік қызметтен босатылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    "Алматы қаласының Әдеп жөніндегі кеңесінің шешімімен мемлекеттік қызмет беделіне нұқсан келтіретін теріс қылығы үшін Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағали тәртіптік жауапқа тартылды (мемлекеттік қызметке үш жыл ішінде жұмысқа кіруге тыйым салынады) және қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтен босатылды", - делінген хабарламада.

    Еске салайық, сәуір айында Лаура Мырзағали қызметінен уақытша шеттетілген болатын.

    Бұған әлеуметтік желіде Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағалиға ұқсайтын және тағы бір әйелдің қатысуымен түсірілген видео себеп болған. еді.

    Ал мамыр айында Әдеп жөніндегі кеңес Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасарын жұмыстан шығаруды ұсынды.

    Лаура Мырзағали мемлекеттік қызметтен босатылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.