jitsu gif
Оқыс оқиға

    Ресейде ер адам қоқыс жәшігінен қомақты қаржы тауып алды

    доллар салынған қап
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Ресейде мектептің аула сыпырушысы қоқыс контейнерінен 1 000 доллар және 80 мың рубль салынған дорба тауып алған. Алайда ол "олжасын" полицияға тапсырған, деп хабарлайды ТАСС.

    "Южный Медведково ауданындағы мектепте аула сыпырушы болып жұмыс істейтін Қырғызстан тумасы сол аудандағы қоқыс контейнерлерінен металл іздеген. Сөйтіп, ауданның батыс жағындағы көшеге қойылған қоқыс контейнерінен шүберек дорба тауып алған. Оның ішінде шұлық және су өткізбейтін шекпен болған. Ал олардың бірінен 100 доллардан 10 купюра, 5 мың рубльден 15 купюра, 1000 рубльден 5 купюра және тағы 50 рубль табылған", - дейді агенттікке құзырлы органдағы дереккөз.

    Дереккөздің мәліметінше, ер адам ақшаның иесін өз бетімен іздеп көруге талпынған. Алайда іздеу жұмысы нәтиже бермегендіктен полицияға жүгінген.

    Қазір тәртіп сақшылары тексеріс жүргізуде.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.