jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Алматыда қару асынып жұртты дүрліктірген ер адам ұсталды (видео)

    қарумен жүрген ер адам
    Оқиға орнында түсірілген видеодан кадр: instagram.com/kris.p.almata

    Алматыда ықшам аудандардың бірінде қарумен жүрген ер адам ұсталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Құзырлы органның мәліметінше, кеше, 10 шілдеде шамамен кешкі 22.00 шамасында 102 пультіне қарумен жүрген ер адам туралы ақпарат келіп түскен.

    Сонымен қатар хабарламада оның екі рет оқ атқаны туралы да айтылған.

    Оқиға орнына бірден полиция қызметкерлері жетіп, шұғыл шаралар қабылдап, нәтижесінде ер адам ұсталған.

    Алдын ала мәлімет бойынша, ол отбасылық жанжалға байланысты мұндай қадамға барған.

    Қазіргі таңда аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

    Назар аударыңыз! Видеода бейәдеп сөздер бар!

    Алматыда қару асынып жұртты дүрліктірген ер адам ұсталды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.