jitsu gif
Оқыс оқиға

    "Екі құлынымның дауысын естімегеніме 9 ай болды": Хаменова cот отырысында жылап жіберді

    Хаменова
    Сот отырысы. Фото: NUR.KZ/Әйгерім Сайқын

    Атырау облысы әкімінің экс орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты іс бойынша кезекті сот отырысы өтті. Бұл жолы сотталушыға сөз берілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Хаменова сотта ешбір айыпты мойындамайтынын ашып айтты.

    "Абай ескерткішін орнату үшін Адамовтан (ред. сотталушылардың бірі) да, басқа біреуден де ақша талап еткен де, сұраған да емеспін. Біріншіден, мен қандай болмасын, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне қарсы болдым. Рысқалиев (ред. сотталушы - Атырау облыстық мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы) бұл іске мені өзінің заңсыз әрекеттері үшін тартылатын жауапкершіліктен жалтару және жеңілдету үшін ғана араластырып отыр деп есептеймін",- деді Хаменова.

    Сонымен қатар Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары 9 ай тар қапаста отырғанын, анасы мен балаларын көптен бері көрмегенін сөз етіп, жылап жіберді.

    "Құрметті сот! Менің әкеден ерте айырылып, шешеден тірі айырылған екі құлынымның дауысын естімегеніме 9 ай болды. Әрі қарай тағдырым қалай болатынын бір Алла біледі. 70 жастағы төсекке таңылған анам бар. Құрметті сот! Қазір күштінің заманы. "Назарбаевтың жақтасы", "Назарбаевқа айтады" дейтін болар. Елбасын жақсы көремін. Ол кісі туралы айта беремін. Сол үшін мені жек көретін болса, жек көре қойсын. Бірақ менің 15 жыл бала оқытқанымды, коронавирус кезінде адамдарды аман алып қалу үшін алысқанымды ел неге айтпайды?", - деді Бақытгүл Хаменова.

    Сот 39 томнан тұратын қылмыстық іс материалдарын жариялады. Одан кейін тараптарға материалдарды талқылауға 3 апта уақыт берді. Келесі сот отырысы 3 қазанға белгіленді.

    Автор: Әйгерім Сайқын

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.