jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    "Телефонға жауап бермеген": Жаркентте 24 жастағы жігіт сүйіктісінің үйін әдейі өртеді деген күдікке ілінді

    Өртенген үй
    Өртенген үй. Фото: instagram/zhetysu.police

    Жетісу облысына қарасты Жаркент қаласында сүйіктісінің үйін қасақана өртеп жіберді деген күдікпен 24 жастағы жігіт ұсталды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    8 қараша күні Панфилов АПБ-не 60-жастағы ер адам үйін өртеген белгісіз адамға қатысты шара қолдану туралы арызбен жүгінді. Жәбірленуші алдын ала келтірілген залалды 25 млн теңгеге бағалады.

    "Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері қасақана өртеп жіберді деген күдікпен 24-жастағы жергілікті тұрғынды анықтады. Белгілі болғандай, күдікті үйде тұратын қызбен таныс. Қыз ер адамның телефон қоңырауларына жауап бермеген, бұл күдіктінің ашуы мен қызғанышын тудырған. Кейіннен ол үйге жасырын кіріп, үйді ішінен өртеп жіберген. Өртті сөндіріп, оның көрші үйлерге таралуына жол бермеу мүмкін болды", - деп хабарлады аудандық полиция бөлімі.

    Дерек бойынша ҚР ҚК 202-бабының 2-бөлімінде көзделген "қасақана өртеу" сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Ұсталған күдіктіге қатысты "келуге міндетте" процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

    "Телефонға жауап бермеген": Жаркентте 24 жастағы жігіт сүйіктісінің үйін әдейі өртеді деген күдікке ілінді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.