jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    Жансейіт Түймебаевтың ұлының өліміне қатысты іс бойынша күдікті ұсталды

    ұсталған адам
    Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

    ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлының өліміне қатысы бар күдікті ұсталды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ .

    "Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлының өліміне қатысы бар күдікті ұсталып, қамауға алынды", – деп хабарлады Бас прокуратура.

    Еске салайық, Алматыдағы қаңтар оқиғасы кезінде Жансейіт Түймебаевтың ұлы қаза тапқан болатын. 6 қаңтар күні кешке коменданттық сағатқа дейін ол Алматыда Назарбаев даңғылымен жоғары көтеріліп, көлігімен үйіне қайтып келе жатқан. Сәтбаев көшесіне жетпей жол айрығына тоқтаған кезде көлігіне белгісіз біреулер кенеттен оқ жаудырған. Алған жарақатынан жас жігіт сол жерде көз жұмды.

    Жансейіт Түймебаевтың ұлының өліміне қатысты іс бойынша күдікті ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.