jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Берік Асылов: ескертусіз оқ ату президенттің бұйрығына дейін жүзеге асырылған

    Қаңтар оқиғасы
    Алматыдағы Қаңтар оқиғасы кезінде алаңда тұрған күштік құрылымдар. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Мәжілісте қаңтар оқиғасына бір жыл толуына байланысты жалпы отырыс өтуде. Отырыста еліміздің Бас прокуроры Берік Асылов ескертусіз оқ ату президент бұйрық бермей тұрып жүзеге асырылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Алғаш рет күштік құрылымдар оқты 5 қаңтар күні сағат 16:00-де президент резиденциясын қорғау кезінде атқан. Ары қарай қару полиция, әкімдік және өзге де нысандарға жасалған шабуылдарға тойтарыс беру үшін, яғни тәртіпсіздіктер зорлық көрсету кезеңіне өткен кезде пайдаланылды", - дейді Берік Асылов.

    Оның айтуынша, оқ президент бұйрық бергенге дейін атылған.

    "Ескертусіз оқ атуды күштік құрылымдар президент бұйрық бергенге дейін қолға алған. Бұл заң нормаларымен реттеледі. (...). Іс жүзінде күштік құрылымдарға қылмыскерлерге оқты ескертусіз атуға арнайы бұйрықтың қажеті жоқ. Тікелей заң нормалары бар. "Құқыққорғау қызметі туралы", "Ұлттық гвардия туралы", "Терроризмге қарсы күрес туралы" заң нормалары адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер тудырған шабуылдарға тойтарыс беруге мүмкіндік береді. 5 қаңтар күні де дәл сондай қауіпті жағдай орын алып, 8 қаңтарға дейін жалғасты", - дейді Бас прокурор.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.