jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Бас прокурор "Дикий Арман" ҰҚК кураторының үйлестіруімен әрекет еткенін мәлімдеді

    Қаңтар оқиғасы. Фото
    Қаңтар оқиғасы. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Мәжілісте қаңтар оқиғасы бойынша біржылдық мәліметтерге сүйеніп, баяндама жасаған Бас прокурор Берік Асылов "Дикий Арман" лақап атымен танылған Арман Жұмагелдиев ҰҚК кураторының тапсырмасымен әрекет еткенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Мысалы, жүргізілген тергеу бойынша, Алматыда Жұмагелдиевке ("Дикий Арман") ерекше рөл жүктелді. Ол ҰҚК кураторының үйлестіруімен әрекет еткені анықталды. Оған тәртіпсіздіктер ұйымдастырып, адамдар тобын бақылауға алып, билікке бірыңғай ультиматум талаптарын қою үшін "халық кеңесін" құру секілді міндеттер жүктелген. Бұған Алматыдағы "Қазақстан" қонақүйіне ұйымдасқан түрде келген бандиттерді қаруландырған Алматы қаласы мәслихатының бұрынғы депутаты, сондай-ақ криминалдық топтың мүшесі Мақатов белсенді көмектескен", - дейді Берік Асылов.

    Айтуынша, олар жаппай наразылық шарасын басқара алмаған.

    "Алайда олар жаппай наразылық шарасын басқара алған жоқ. Адамдар олардың артынан ермеді. ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы ұсталғаны туралы ақпарат алғаннан кейін, сенімді алиби құру мақсатында содырларға тонауға қарсы күрес деген желеумен қала тұрғындарына шабуыл жасау тапсырылды", - дейді бас прокурор.

    Сондай-ақ бүгін Бас прокуратура мәжілісте көрсеткен бейнероликтегі мәліметтерге сүйенсек, қылмыстық топ мүшелері 6 қаңтарда Алматы қаласының әр ауданынан 24 азаматты ұрлап, Ritz Carlton және "Қазақстан" қонақүйлерінің тұрақтарында ұрып-соғып, ұстаған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.