jitsu gif
Оқыс оқиға

    Маңғыстау облысында аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары ұсталды

    Кісен салу
    Қолына кісен салынған күдікті. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Маңғыстау облысында Бейнеу аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары ұсталды, деп хабарлайды Telegram-дағы "ҚР ІІМ жаңалықтары" арнасы.

    Ведомствоның мәліметінше, 9 қаңтарда жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Маңғыстау облысы бойынша ҰҚКД және Маңғыстау облысы полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері Бейнеу аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Т. Есбағанбетовты ұстаған.

    Полиция қызметкері сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығын жасады деген күдікке ілінген.

    "Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді", - делінген ІІМ хабарламасында.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.