jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Талдықорғанда педофил 20 жылға сотталды

    Сот
    Сот балғасы. Көрнекі фото: pixabay.com

    Талдықорғанда педофил 20 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ІІМ Polisia.kz ресми сайты.

    Басылымның хабарлауынша, 6 қаңтарда Талдықорғанда қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жас қызға озбырлық көрсетті деген күдікке ілінген 37 жастағы ер адамға қатысты үкім шығарған.

    Белгілі болғандай, тергеу амалдары 2022 жылғы тамызда жергілікті тұрғынның арызына сәйкес, ҚР ҚК-нің 121-бабы 4-бөлігі бойынша басталған.

    Оған сәйкес, әйел күйеуін өзінің 11 жасар қызына сексуалдық зорлық жасады деп айыптаған.

    "Ер адам ұсталып, полицияға жеткізілген. Күдіктінің бұрын бірнеше рет жауапқа тартылғаны және жазасын пенитенциарлық жүйенің мекемелерінде өтегені анықталды. Тергеу шеңберінде дәлелдемелік база жиналып, бірқатар сараптамалар жүргізілді, олардың нәтижелері қылмыстық іс материалдарына заттай айғақ ретінде қоса тіркелді.

    Нәтижесінде істі сотқа жібере отырып, айыптау актісі жасалды", - деді Талдықорған қаласы ПБ бастығының орынбасары Шыңғыс Нұрахимов.

    Сот ер адамды кінәлі деп тауып, ең жоғары қауіпсіздік түзеу мекемесінде жазасын өтей отырып, 20 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ, дейді басылым тілшілері.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.