jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Астанада лифтіде әйелін ұрған ер адам 10 тәулікке қамауға алынды

    Лифтідегі ерлі-зайыптылар
    Лифтідегі ерлі-зайыптылар. Оқиға орны: Рolisia.kz

    Елордада лифтіде әйелін ұрған 36 жастағы ер адам 10 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Polisia.kz.

    Астана қаласының полиция департаментінің мәліметінше, "102" арнасына елорданың 36 жастағы тұрғынынан жұбайының ұрып-соққаны туралы хабарлама келіп түскен.

    "42 жастағы ер адам лифтіге кірген соң, әйеліне балағат сөздер айтып, оны қорқытып, ұрғаны анықталды. Белгілі болғандай, бұл ер адамның жұбайына бірінші рет қол көтеруі емес. Аталған факті бойынша құқық бұзушыға қатысты Қылмыстық кодекстің 73-2-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен ер адам 10 тәулік мерзімге қамауға алынды", – дейді полиция өкілдері.

    Осы орайда, Астана қаласының полиция департаменті егер сіз зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаңыз, дереу "102" арнасына немесе әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің сенім телефонына 8-(7172)-71-60-63 хабарласуға шақырады.

    "Полиция қызметкерлері сізге консультативтік-құқықтық көмек көрсетеді", – дейді құзырлы орган өкілдері.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.