jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    Нәрестені 1,5 млн теңгеге сатқан: ІІМ бала саудасына қатысты істің мән-жайын айтты (видео)

    Күдікті әйел
    Күдікті әйел. Видеодан кадр: Т.me/POLICE_of_KZ

    Таразда бала сату ісінің мән-жайы белгілі болды. Полицейлердің мәліметінше, жаңа туған қызды 1,5 миллион теңгеге сату фактісі анықталған, деп хабарлайды Polisia.kz.

    Полицияның хабарлауынша, биыл 12 қаңтарда Жамбыл облысы полиция департаментінің қызметкерлері Тараз қаласы прокуратурасымен бірлесіп арнайы іс-шара жүргізген. Іс-шара барысында құқық қорғау қызметкерлері жаңа туған баланы сату дерегін анықтаған.

    Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 135-бабы 1-бөлігімен ("Кәмелетке толмағандар саудасы") сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

    Жамбыл облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Тараз қалалық көпбейінді ауруханасының екі акушерін анықтап, ұстаған.

    "Тергеу шаралары барысында жаңа туған қызды акушер мамандар 39 жастағы Тараз тұрғынына 1,5 млн теңгеге сатып жібергені белгілі болды. ҚПК-нің 128-бабына сәйкес аталған әйелдер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

    Ал баланы сатып алушыға қатысты қолхатпен босату түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды", – дейді құқық қорғау өкілдері.

    Нәресте Тараз қаласының сәбилер үйіне орналастырылды. Қазір тергеу ісі жалғасып жатыр.

    Нәрестені 1,5 млн теңгеге сатқан: ІІМ бала саудасына қатысты істің мән-жайын айтты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.