jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    Ақтау теңіз портында елге контрабандалық жолмен кіргізілмек болған темекінің ірі партиясы анықталды

    Кедендегі тексеріс
    Кедендегі тексеріс. Фото: Т.me/kgdmfrk

    Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті облыстық Экономикалық тергеу департаментімен бірігіп, контрабандалық жолмен елге кіргізілмек болған ірі көлемдегі темекі өнімін анықтады. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер департаменті ресми Telegram-арнасында хабарлады.

    Ведомствоның мәліметінше, "Морпорт" кеден бекетінде Иран Ислам Республикасынан Алматы қаласына бағыт алған контейнер тоқтатылған.

    Инспекциялық тексеру кешені арқылы тексерілгеннен кейін контейнер ашылған.

    Негізінен құжатта контейнерде "жарықдиодты шамдардың" бары көрсетілген. Алайда қызметкерлер контейнерді ашқанда оның орнына 866 мың қорап көлемінде жарияланбаған тауар – темекі өнімін тапқан.

    Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, алдын-ала есеп бойынша мемлекетке келтірілген залалдың, төленбеген кедендік төлемдер мен салықтардың сомасы кемінде 300 млн теңгені құрап отыр.

    Ведомство қазіргі таңда аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 234-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, жедел іс-шаралар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

    Сондай-ақ Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер тергеу мүддесі үшін жариялауға жатпайтынын атап өтті.

    Ақтау теңіз портында елге контрабандалық жолмен кіргізілмек болған темекінің ірі партиясы анықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.