jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    Талдықорғанда 300 миллион теңгеден астам ақша жымқырған шенеунік сотталды

    Сот12
    Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    300 млн теңгеден астам қаржыны жымқырды деген күдікке ілінген Талдықорған құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысы Саид Дарменовке сот үкімі шықты. Бұл туралы Алматы облысы прокуратурасы ресми сайтында хабарлады.

    Қадағалау органы 2021 жылы Талдықорғандағы ЖШС бірінің екі басшысына қатысты үкім шығарылғанын айтты. Олар аса ірі көлемде мемлекет қаражатын иемденгені үшін кінәлі деп танылып, ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды.

    Бұл ретте ақша аудару туралы құжаттарға қол қойған қалалық Құрылыс бөлімінің басшысы Саид Дарменов келтірілген аса ірі көлемдегі залал есепке алынбай, тек лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылып, 1 жылға бас бостандығын шектеуге үкім шығарылды.

    Ал мемлекетке 300 миллион теңгеден астам шығын келтірілген.

    "Облыс прокуратурасының бастамасымен Бас прокурор Жоғарғы Сотқа кассациялық наразылық енгізіп, ол толық көлемде қанағаттандырылды және Дарменовке қатысты бастапқы үкім күшін жойып, қылмыстық іс облыстық соттың жаңа қарауына жолданды", - деп атап өтті ведомствода.

    Істі жаңадан қарау кезінде Алматы облыстық соты Дарменовті Қылмыстық кодекстің 28-бабының 5-бөлігі, 189-бөлігі 4-бөлігі, 2-тармағы бойынша кінәлі деп таныған.

    Сот оған 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады және ол мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылған.

    Талдықорғанда 300 миллион теңгеден астам ақша жымқырған шенеунік сотталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.