jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Экология министрлігіне қарасты комитеттің бірқатар шенеунігі ұсталды

    күдікті
    Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

    Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бірқатар лауазымды тұлғасы ұсталды, деп жазады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Telegram-каналы.

    Агенттік таратқан ақпаратқа сәйкес, Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" бас директорына, оның бірқатар қоластындағы қызметкеріне, сондай-ақ Комитеттің бухгалтерлік есеп және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысына қатысты алдау және сенімге қиянат жасау, пара беру және алу арқылы өзге мүлікті ұрлады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізеді.

    Қазіргі уақытта лауазымды тұлғалар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

    "Тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды", - делінген хабарламада.

    Экология министрлігіне қарасты комитеттің бірқатар шенеунігі ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.