jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Ақмола облысында прокурорға 20 мың АҚШ доллары көлемінде пара ұсынды деген күдікпен казино өкілі ұсталды

    АҚШ доллары
    АҚШ доллары. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Ақмола облысында прокурорға 20 мың АҚШ доллары көлемінде пара ұсынды деген күдікпен казино қызметкері ұсталды, деп хабарлайды Бас прокуратура ресми сайтында.

    Ведомствоның мәліметінше, 26 ​​қаңтарында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаменті Бас прокуратураның Ішкі тергеп-тексеру департаментімен бірлесе отырып, "Cash Ville" казиносы заңгерінің қылмыстық әрекетіне тосқауыл қойған.

    "Прокурорлық тексеру кезінде казино өкілі прокуратура қызметкеріне пара ұсынған. Қабылданған жедел шаралардың нәтижесінде қылмыстық әрекетті имитациялаған қадағалау органының қызметкеріне 20 мың АҚШ доллары көлемінде пара беру фактісі тіркеуге алынды", - делінген хабарламада.

    Ведомство қазіргі таңда бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 367-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын атап өтті.

    2023 жылдың 28 қаңтарында Көкшетау қаласының тергеу соты күдіктіге 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған.

    Ақмола облысында прокурорға 20 мың АҚШ доллары көлемінде пара ұсынды деген күдікпен казино өкілі ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.