jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    Жетісу облысында тұтас орман белдеуін отап тастаған: күдікті ұсталды (фото)

    Орманды отап тастады деген күдікті
    Оталған орман. Фото: Т.me/POLICE_of_KZ

    Жетісу облысы Панфилов ауданында 28 жастағы ауыл тұрғыны ағаштарды заңсыз кесті деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Polisia.kz сайтының Telegram-арнасы.

    Полицияның хабарлауынша, ер адам Жетісу облысы Ынтымақ ауылының маңындағы орман алқабынан барлығы 56 қарағашты кесіп тастаған.

    Ер адамның кесілген ағаштардың бір бөлігін үйіне апарып үлгергендігі де айтылған.

    Полицейлер Панфилов ауданының 28 жастағы тұрғынын ұстады.

    "Ағаш тәркіленді. Заңсыз кесу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", – делінген хабарламада.

    Ер адам ағашты отын жинау үшін кескенін айтқан.

    Мамандардың айтуынша, шығын көлемі 1 млн теңгеден асады.

    Жетісу облысында тұтас орман белдеуін отап тастаған: күдікті ұсталды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.