jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Ақмола облысында полиция подполковнигі 7 жылға сотталды

    полиция қызметкері
    Полиция қызметкері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    30 қаңтарда Ақмола облысында полиция подполковнигі Талғат Ерденов пен полиция капитаны Мақсат Жаманбаевқа қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті ресми сайтында хабарлады.

    Ведомство мәліметінше, биыл 30 қаңтарда Целиноград аудандық сотының үкімімен Ақмола облысы полиция департаментінің патрульдік полиция ротасының командирі, полиция подполковнигі Талғат Ерденов пен патрульдік полиция ротасының аға инженері полиция капитаны Мақсат Жаманбаев 7 жылға бас бостандығынан айырылған.

    Оларға мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салынды.

    "Аталған тұлғалар бір топ адаммен  алдын ала сөз байласа отырып, қызметтік автокөлік құралдарына бөлінген 100 млн теңге сомасындағы ЖЖМ талондарын ұрлағаны үшін кінәлі деп танылды", - делінген хабарламада.

    Үкімді жариялау кезінде сот залында патрульдік полиция ротасының жеке құрамы да болды.

    Үкім заңды күшіне енген жоқ.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.