jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Шымкентте білім басқармасының лауазымды қызметкері пара алды деген күдікпен ұсталды

    Кісен
    Кісен. Көрнекі фото: pixabay.com

    Шымкентте бірнеше рет пара алды деген күдікпен білім басқармасының лауазымды қызметкері ұсталды. Бұл туралы өңірлегі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Дәурен Ерғарин өзінің Facebook парақшасында хабарлады.

    Ерғариннің сөзінше, Шымкент қаласының қалалық білім басқармасының тағы бір лауазымды тұлғасы ұсталды.

    Ол жекеменшік мектепке дейінгі мекемелерге қатысты тексерулер жүргізбегені және олардың кәсіпкерлік қызметіне жалпы қамқорлығы үшін кәсіпкерлерден бірнеше рет пара алды деген күдікке ілінген.

    "Бейінді басқарманың жетекші маманы кінәсін мойындады. Тергеу жалғасуда", - деп жазды Ерғарин.

    Сондай-ақ Дәурен Ерғарин тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жарияланбайтынын атап өтті.

    Айта кетейік, бұған дейін Шымкентте қалалық білім бөлімінің бас маманы ұсталғанын жазған едік. Ол балабақша меңгерушілерінен пара алды деген күдікке ілінген.

    Шымкентте білім басқармасының лауазымды қызметкері пара алды деген күдікпен ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.