jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Тілін жұтып қоя жаздаған түркістандық жігіт өлім аузынан қалды

    Тіл
    Көрнекі сурет: pixabay.com

    Түркістанда көшелердің бірінде ер адамның денсаулығы сыр беріп, тілін жұтып қоя жаздады. Аузынан қан аққан ол жерге құлаған. Мұны қала полицейлері байқап, оны ажалдан арашалап қалған, деп хабарлайды ІІМ ресми Telegram-арнасы.

    Басылымның хабарлауынша, учаскелік полиция инспекторлары қызмет атқару кезінде, көше бойында келе жатқан екі жігіттің бірінің жерге құлағанын байқаған.

    Бірден оқиға орнына жеткен полицейлер жігіттің тілін жұтып, аузынан қан ағып, денесі қалтырап, талып жатқанын көрген.

    Сөйтіп полиция майоры Асқар Мейрамбекұлы жігіттің тілін қолымен бері қарай тартып, полиция подполковнигі Марат Жұмабеков болса денесін уқалап, оның денесінде қан жүгіруін қамтамасыз еткен.

    Белгілі болғандай, полицейлер жас жігітке алғашқы көмек көрсетіп, оны дәрігерлерге тапсырған.

    Ал тұрғынның досы полицейлерге алғыс айтқан.

    Тілін жұтып қоя жаздаған түркістандық жігіт өлім аузынан қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.