jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "900 мың теңгені алып кеткен": Жамбыл облысында қарақшылық шабуыл жасалды (видео)

    Күдіктілердің ұсталып, ақша тәркіленген сәт
    Күдіктілердің ұсталып, ақша тәркіленген сәт. Видеодан кадр: t.me/POLICE_of_KZ

    Жамбыл облысының полицейлері қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен үш жігітті ұстады, деп хабарлайды Telegram-дағы "ҚР ІІМ жаңалықтары" арнасы.

    ІІМ мәліметінше, Жамбыл облысының Жамбыл аудандық полиция бөліміне Тараздың 27 және 37 жастағы тұрғындары қарақшылық шабуыл жасалғанын айтып, арыз түсірген.

    Олардың сөзінше, Тараз – Қаратау тас жолында нөмірі жоқ Lada Priora автокөлігімен жүрген үш белгісіз адам пышақ тәрізді затты қолдану арқылы күш көрсетiп, 900 мың теңге ақшасын алып кеткен.

    "21, 22 және 24 жастағы күдіктілер ұсталды. Тінту барысында олардан 794 мың теңге алынды. Күдіктілердің айтуынша, олар шабуылды алдын ала жоспарлаған", – дейді полиция өкілдері.

    Қазір аталмыш фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 192-бабы 2-бөлігі ("Қарақшылық") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.

    Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.