jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    "Жағдайы ауыр": Астанада мешіт қызметкері пышақ жарақатымен ауруханаға түсті

    Жедел жәрдем көліктері
    Аурухананың алдында тұрған жедел жәрдем көліктері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Астанадағы мешіттердің бірінде шаруашылық қызметкерін пышақтап кеткен. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

    Оның сөзінше, ауыр жарақат алған мешіт қызметкері дәрігерлердің бақылауында. Жағдайы ауыр.

    "Мешіттің шаруашылық жұмыстарын жүргізетін қызметкерді суық қарумен жарақаттаған күдікті ұсталды. Бұрын сотталған. Қазір тергеу жұмыстары жүргізілуде. Болған оқиға себептері анықталуда.

    Алдын ала жеткен мәліметтер бойынша қылмыстық оқиғаға отбасылық қақтығыстар, дәлірек айтқанда күдікті азамат пен оның әйелі арасындағы дау-жанжалдар себеп болған", – деп жазды Ағабек Қонарбайұлы.

    ҚМДБ өкілі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне қосымша ресми мәлімет берілетінін атап өтті.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.