Тараз қаласындағы теміржол вокзалының аумағынан жасырылған қару-жарақ табылды
Жарияланған күні:

Тараздағы вокзал аумағынан полиция қызметкерлері қару-жарақ орнын тапты. Ол теміржол желісінің жанында жасырылған, деп хабарлайды "ҚР ІІМ жаңалықтарының" Telegram-арнасы.
Полицияның хабарлауынша, қару-жарақ жасырылған орын вокзал аумағынан табылған.
Жамбыл облысы ПД-нің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел ақпаратты жүзеге асыру барысында арнайы іс-шаралар жүргізген.
"Жедел-іздестіру жұмыстары кезінде темір жол желісі маңынан полиэтилен пакеттегі 12 калибрлі ИЖ-18ЕМ бір ұңғылы шолақ мылтық, "Полиция" деген жазуы бар қорғаныс кеудешесі тәркіленді", – делінген хабарламада.
Қылмыстық Кодекстің 287-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2014253-taraz-qalasyndagy-temirzol-vokzalynyn-aumagynan-zasyrylgan-qaru-zaraq-tabyldy/