jitsu gif
Оқыс оқиға

    Шымкентте аудан әкімінің орынбасары екі айға қамауға алынды

    Полицей ер адамның қолына кісен салуда
    Қолы кісенделген ер адам. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Шымкентте әкімдіктің екі қызметкері пара алды деп күдікке ілініп, олардың бірі қамауға алынған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дәурен Ерғарин өзінің Facebook парақшасында хабарлады.

    Дәурен Ерғариннің мәліметінше, қазіргі таңда Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қалалық аудан әкімінің орынбасары мен әкімдіктің бас маманына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

    "Олар адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы мегаполисті абаттандыру жөніндегі мемлекеттік сатып алу келісімшартын орындау кезінде кәсіпкерден қамқорлығы үшін 60 миллион теңге мөлшерінде пара алды деп күдіктелуде", – дейді ол.

    Оның ақпаратынша, Шымкент қаласы сотының санкциясымен аудан әкімнің орынбасары 2 ай мерзімге қамауға алынған. Қазіргі кезде тергеу жалғасуда.

    Дәурен Ерғарин өзге ақпарат жария етуге жатпайтынын атап өтті.

    Сонымен қатар ол Конституцияның 77 бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, адам заңды күшіне енген сот үкімімен қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп танылмайынша, ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп саналатынын атап өтті.

    Шымкентте аудан әкімінің орынбасары екі айға қамауға алынды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.