jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    "Лақтыра салған": сәбиді төсекке етпетінен жатқызған медбикенің басы дауға қалды

    Нәресте
    Нәресте. Көрнекі сурет: pixabay.com

    АҚШ-та Аманда Берк есімді медбикеге баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірді деген айып тағылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Оқиға Лонг-Айлендтегі Good Samaritan Hospital ауруханасында болған.

    NBCnewyork басылымының хабарлауынша, нәрестенің ата-анасы Консуэло Саравиа мен Фидель баласын төсекке етпетінен қаратып жатқызған Аманда Берктің үстінен шағым түсірген.

    Олардың пікірінше, медбике дүние есігін ашқанына небәрі екі күн болған нәрестені жұлқылап, төсекке етпетінен лақтырып, әбден жылатқан. Нәрестенің әкесі бұл сәттің кездейсоқ куәсі болып, оны видеоға түсіріп үлгерген. Ерлі-зайыпты бейнетаспаны құзырлы органдарға табыстап, медбикені жазалауды талап етті.

    Перзентхана басшылығы бұл жайтқа қатысты дереу түсініктеме беріп, кінәлі адамдар жұмыстан босатылғанын мәлімдеді. Құзырлы орган істі тергеуге алған.

    Ал баланың жағдайы жақсы, оның денсаулығына зиян келтірілмеді. Десе де нәрестенің ата-анасы баланы жұлқылап, дөрекілік танытатын медбикені жұмыстан кетіру дұрыс шешім деген ойда. Олар осылайша өзге балаларды да "дөрекі медбикеден қорғай алғандарын" алға тартты.

    "Лақтыра салған": сәбиді төсекке етпетінен жатқызған медбикенің басы дауға қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.