jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    Қызылордада ер адам принтерде басып шығарылған ақшамен төлем жасаған (видео)

    Теңге
    Теңге. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Қызылорданың 28 жастағы тұрғыны жалған 20 000 теңгелік банкноттарды сақтап, сатты деген күдікке ілінді. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің ресми Telegram-арнасында хабарланды.

    Қаржы мониторингі агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің хабарлауынша, жалған банкноттарды сақтау және бірнеше рет өткізу бойынша қылмыстық іс тергеліп, іс материалы сотқа жолданған.

    "Қызылорда қаласының 28 жастағы тұрғыны номиналы 20000 теңгелік бірнеше банкноттарды сақтағаны және оларды жанар-жағар май құю бекеті мен автобөлшектер сататын дүкенге өткізгені үшін айыпталды.

    Ол заттар сатып алып, құны 20000 теңгелік банкнотты өткізе отырып, қайтарымына Қазақстан Ұлттық банкінің түпнұсқа банкноттарын алып отырған. Азамат өз кінәсін толық мойындады", – делінген хабарламада.

    Тәркіленген 20 мың теңге
    Жалған банкнот. Видеодан кадр: Т.me/afm_rk

    Криминалист мамандардың зерттеуі барысында өткізілген банкноттардың Ұлттық банктің ақша белгісіне сәйкес келмейтінін және ақшалардың принтерде басып шығарылғандығы анықталған.

    Мамандар Қылмыстық кодексте аталған қылмыс үшін бес жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы түрінде жауаптылық көзделгенін ескертті.

    Қызылордада ер адам принтерде басып шығарылған ақшамен төлем жасаған (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.