jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Маңғыстауда жаңа туған нәрестені сатпақ болған адам ұсталды

    Нәресте
    Нәресте. Көрнекі фото: pexels.com

    Маңғыстаулық полицейлер жаңа туған нәрестені саудалау фактісін анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

    Белгілі болғандай, Маңғыстау облыстық полиция департаментіне қарасты ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына жаңа туған нәрестені саудалау фактісі бойынша жедел ақпарат келіп түскен.

    "4 мамыр күні 13:00 шамасында облыс прокуратурасының үйлестіруімен полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасының нәтижесінде жаңа туған сәбиді сатып, ақша алған 35 жастағы күдіктіні ұстады.

    Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында заттай дәлелдер тәркіленді.

    Сондай-ақ полиция қызметкерлері жаңа туған нәресте тапсырылған 38 жастағы күдіктіні ұстады. Нәресте сот шешімі шыққанға дейін Ақтау қаласының облыстық мамандандырылған балалар үйіне орналастырылды.

    Бұл дерек бойынша Маңғыстау облысы полиция департаментіне Қылмыстық кодекстің 135-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

    Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді", - делінген хабарламада.

    Маңғыстауда жаңа туған нәрестені сатпақ болған адам ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.