jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Бұрынғы әйелінің интимді видеосын таратқан павлодарлық сотталды

    телефон
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Бұрынғы әйелінің интимді видеосын таратқан павлодарлық ер адам 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Бейнежазбаны ол қыздың таныстарына анонимді аккаунт арқылы жіберген, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Қылмыстық іс жабық режимде қаралды. Ерлі-зайыпты 2018 жылы ажырасып кеткен, алайда бұдан кейін олар бірнеше уақыт бірге тұрған.

    2022 жылы қазақстандық әлеуметтік желіде аккаунт ашып, бұрынғы әйелінің интимді видеосын таныс қыздарына жіберген. Сонымен қатар ер адам экс-жұбайының құрбысының атынан тағы бір жалған парақша ашып, хат жазып, жалған ақпарат таратқан.

    Ер адам сотта өзінің неліктен мұндай қадамға барғанын түсіндіре алмаған. Дегенмен ол кінәсін толық мойындады.

    Оған қатысты іс Қылмыстық кодекстің 147-бабы 5-бөлігі "Жеке өмірге қол сұғылмаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу" бабы бойынша қаралған.

    Сот үкімімен павлодардық 3 жылға бас бостандығынан айырылып, сот залында қамауға алынды. Одан бөлек, сотталушы бұрынғы әйеліне моральдық шығын ретінде 3 млн теңге төлеуге және адвокат қызметіне 200 мың теңге төлеуге міндеттелді.

    Бұрынғы ерлі-зайыптының ортақ екі баласы бар, сотталушы жақында тағы да үйленген.

    Бұрынғы әйелінің интимді видеосын таратқан павлодарлық сотталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.