jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    "Дикий Арманды" қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды

    Арман Жұмагелдиев
    Арман Жұмагелдиев. Фото: instagram.com/armandzhumageldiev

    "Дикий Арман" деген лақап атпен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі бүгін тағы ұзартылды. Ол 7 тамызға дейін қамауда болады. Бұл туралы Алматы қалалық соты мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Алматы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 5 маусымдағы қаулысымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде Жұмагелдиевті 2 ай мерзімге, яғни 2023 жылдың 7 тамызына дейін қамауда ұстау мерзімін ұзарту туралы өтінішхаты қанағаттандырылды", – деп хабарлады соттың баспасөз қызметінен.

    Еске салайық, Дикий Арманның ұсталғаны былтыр 7 қаңтарда белгілі болған еді. Ал 11 қаңтарда ол қамауға алынды. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, онымен бірге қылмыстық топ болуы мүмкін деп күдіктелген бес адам ұсталған.

    Сонымен қатар Бас прокурор Берік Асылов қаңтар оқиғасы бойынша біржылдық мәліметтерге сүйене отырып, Арман Жұмагелдиевті ҰҚК кураторының тапсырмасымен әрекет еткенін айтқан болатын.

    "Дикий Арманды" қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.