jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Павлодарда қолына пышақ ұстаған ер адам тұрғындардың үрейін ұшырды (видео)

    Бұзақы
    Павлодарлық тұрғын: Instagram / @zhaloby_pavlodar

    Павлодарда қолында пышақ ұстаған ер адам көпқабатты үйдің ауласында серуендеп жүрген. Жергілікті тұрғындар ер адамнан қорқып, желіге видео жариялаған. Жағдайға облыстық полиция департаментінің өкілдері түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Instagram желісінде жарияланған видеода Павлодардағы тұрғын үйлердің біріндегі аулада ер адамның қолына пышақ ұстап тұрғанын көруге болады.

    "Назарбаев 287 (көшесі - ред. түсіндірмесі) бойынша белгісіз тұрғын қолына пышақ алып жүгіріп жүр. Жақын жерде балаларға арналған ойын алаңы бар. Көршілермен үнемі жанжалдасып жүретіні туралы талай рет полицияға шағымданған едік, бірақ шара қолданылмайды. Әңгімелеседі де, қояды! Барлық көрші қорқады", - дейді павлодарлықтар.

    Тұрғындар қауіп төнуі мүмкін екенін айтып, ер адамды мәжбүрлеп емделуге жіберуді талап етті.

    Оқиғаға Павлодар облысының полиция департаменті назар аударды.

    "1986 жылы туған ер адам ұсталып, уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына орналастырылды. Сондай-ақ оған қатысты ӘҚБтК-нің 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша әкімшілік іс қозғалды", - делінген хабарламада.

    Енді әкімшілік іс сотта қаралатын болады.

    Назар аударыңыз! Бейнетаспада бейәдеп сөздер айтылады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.