jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Абай облысындағы балалар үйінің басшылығы 6 млн теңгеден аса қаражат жымқырды деген күдікке ілінді

    Ақша және тізім
    Ақша және тізім. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Абай облысы Үржар ауданындағы Науалы балалар үйінің басшылығы 6 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Бас прокуратураның Telegram-дағы ресми арнасында хабарланды.

    "Балалар үйінің директоры мен бас бухгалтері өздеріне жоғары жалақы төлеген, жоғары сыйлықақылар мен іссапар шығындарын тізімдеген.

    Жымқыру штат кестесі мен қазынашылық есептерді салыстыру барысында анықталды, онда тиісті жалақы мен нақты төленген жалақы арасындағы айырмашылық пайда болды.

    Сонымен қатар "өлі жандар" деп аталатын жұмыс істемейтін адамдарға жалақы төленген", - делінген хабарламада.

    Бас прокуратура балалар үйі басшылығының заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде мемлекетке залал келгенін атап өтті.

    Сондай-ақ прокуратура осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабы 3-бөлігінің 2, 3-тармақтары бойынша қылмыстық іс қозғап, істі сотқа дейінгі тергеу сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке тапсырылғанын мәлім етті.

    Сонымен қатар құзырлы орган осы баптың санкциясы бойынша, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын еске салды.

    Абай облысындағы балалар үйінің басшылығы 6 млн теңгеден аса қаражат жымқырды деген күдікке ілінді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.