jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Ақтаудағы үш баланың өлімі: марқұмдардың әкесі өмір бойына бас бостандығынан айырылды

    Сот балғасы
    Сот балғасы. Көрнекі фото: Рixabay.com

    Маңғыстау облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында өзінің үш баласын өлтірді деп айыпталған ер адамға қатысты үкім оқылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Lada.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

    Басылымның жазуынша, сот айыпталушы Е.-нің үйге балта мен ас үй пышағымен қаруланып келіп, асқан қатігездікпен қасақана өзінің кішкентай үш баласын өлтіргенін анықтаған.

    "Сотталушы Е.-нің қылмыс жасаудағы кінәсі жәбірленушінің, сотталушының өзінің куәлігімен, сараптама қорытындыларымен, заттай дәлелдемелермен және істің басқа да материалдарымен дәлелденді", - делінген соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

    Сот ер адамды Қылмыстық кодекстің 99-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сондай-ақ оған өмір бойына кәмелет жасына толмаған балаларға қатысты қызметтерде жұмыс істеуге тыйым салынды.

    Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

    Еске сала кетсек, наурыз айында Ақтаудағы пәтерлердің бірінен денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар 2011, 2014 және 2016 жылы туған үш баланың мәйіті табылған болатын.

    Қылмысты жасады деген күдікпен полиция марқұмдардың 36 жастағы әкесін ұстаған еді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.