jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    Түркістан облысында кішкентай қыздың өлімінен кейінгі "толқулар" туралы ақпаратқа полиция жауап берді

    Түркістан облысындағы толқу
    Түркістан облысы. Видеодан кадр: t.me/kozachkow

    Желіде Түркістан облысындағы ауылда бес жасар қыз баланың өлімінен кейін "толқулар" болғаны туралы ақпарат пайда болды – адамдар күдіктіні өздеріне беруді талап еткен. Бұған қатысты облыстық полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Кеше Түркістан облысының Сарыағаш ауданында кішкентай бала өлімі болды деген ақпарат келіп түсті. 2018 жылы туған қыз бала ойнауға шыққан, кейін оның денесі жергілікті тұрғынның үйінен табылған. Осыдан кейін ауыл тұрғындары күдіктіні полицейлер қолынан алып кетуге тырысқан, бірақ тәртіп сақшылары оған жол бермеген", – делінген Kozachkov offside Telegram-арнасындағы хабарламада.

    Бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірген Түркістан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Сарыағаш ауданындағы ауылда жағдай тұрақты. Полиция қызметкерлері күдіктіні "ізін суытпай" ұстап, ол уақытша ұстау изоляторына қамалған.

    "Оқиға орнына Түркістан облысы әкімінің орынбасары, облыс прокуроры, полиция департаментінің басшысы мен жедел-тергеу тобы келді.

    Қазіргі уақытта тиісті іс-шаралар жүргізілуде. Ақсақалдар, құзырлы органдар мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері ауыл тұрғындарымен кездесті", – деп хабардар етті ведомстводан.

    Осы орайда облыстық полиция департаменті тұрғындарды ресми деректерге ғана сенуге шақырып, жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

    Еске салайық, 13 шілде күні Сарыағаш ауданының тұрғыны полицияға 5 жасар қызының жоғалып кеткені туралы арызбен жүгінген. Жедел-іздестіру шараларының барысында қыз баланың денесі ауыл тұрғындарының бірінің үйінен табылған.

    Аталған дерек Қылмыстық кодексінің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша тіркеліп, сараптама тағайындалған. Қазір таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

    Кейін қайғылы оқиға туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа хабарланғаны белгілі болды.

    Президент Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне болған қайғылы оқиғаның мән-жайын мұқият тексеруді тапсырған.

    Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қолда бар ақпарат бойынша күдікті бұған дейін кісі өлтіргені үшін сотталып, 10 жылға бас бостандығынан айырылған. Биыл оған адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені үшін 3 жылға бас бостандығын шектеу жөнінде үкім шығарылған.

    Түркістан облысында кішкентай қыздың өлімінен кейінгі "толқулар" туралы ақпаратқа полиция жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.