jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Алматыда фитнес жаттықтырушы қаза тапты

    Дамир Туребаев
    Дамир Туребаев. Фото: instagram.com/fitnessblitz_almaty

    Алматыда фитнес жаттықтырушы болып жұмыс істейтін жас жігіт қайтыс болған. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары күдіктілердің кім екенін анықтап үлгерді, деп хабарлайды ІІМ жаңалықтары Telegram-дағы арнасында.

    Жас жігіттің қайтыс болғаны туралы ақпарат ол жұмыс істеген фитнес залдар желісінің Instagram-дағы парақшасында жарияланды.

    Төребаевтың суреті бар жазбаның астына "Иманды болсын!" деп жазылған.

    Фитнес залдың ресми сайтында Дамир Төребаевтың бокстан, сондай-ақ жүзуден (спорт шеберлігіне кандидат) деген сертификаты бар жаттықтырушы болғаны жазылған.

    "Криминальный Казахстан" Telegram-арнасының хабарлауынша, бүгін түнде оны атып кеткен.

    "19 шілдеге қараған түні Дамир Төребаевты өз пәтерінде атып өлтірді. (...) Ер адамның мас болғаны белгілі болды", - деп жазды арна авторлары.

    ІІМ ресми жаңалықтары Telegram-арнасының хабарлауынша, Наурызбай аудандық ПБ-мен қылмыстық іс тіркеліп, Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес тергеу жүргізіліп жатыр.

    Полиция қылмысты ашу мақсатында тергеу жедел тобы құрылғанын, күдіктілер анықталып, оларды ұстау шаралары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

    "Алдын ала мәліметтер бойынша, азамат Т.-мен оның танысының арасында жанжал болған", - деді ІІМ өкілдері.

    Алматыда фитнес жаттықтырушы қаза тапты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram