jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    Ақтауда түн ішінде көмек сұрап айқайлаған қыз видеоға түсіп қалды

    Ақтауда түнде көшеде тұрған қыз бен жігіт
    Оқиға орны. Видеодан кадр: Lada.kz

    Ақтауда түн ішінде "Көмектесіңдер!" деп айқайлаған қызды куәгерлер видеоға түсіріп алған. Бұл жайтқа қатысты Маңғыстау облыстық полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

    Әлеуметтік желіде тараған кадрдан ер адамның қыздың қолынан ұстап тұрғанын, ал қыздың "Көмектесіңдер!" деп айғайлап жатқанын байқауға болады.

    Оқиға Ақтаудағы 11 шағынаудандағы Ынтымақ алаңында болған.

    Видеоға қатысты пікір білдірген Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, сол күні түнде жәбірленушінің телефонын алып кеткен.

    "20 шілде күні сағат түнгі 02.30 шамасында "102" кезекші бөліміне белгісіз біреу жәбірленушіні қорқытып, оның ұялы телефонын алып, оқиға орнынан бой тасалағаны туралы қоңырау түсті. Келтірілген шығын көлемі 100 000 теңгені құраған", – деп хабарлады ведомстводан.

    Полиция күдікті анықталғанын оны ұстау жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті. Аталған факті Қылмыстық кодекстің 191-бабының 2-бөлігі (Тонау) бойынша Ақтау қаласы ПБ-да тіркелген.

    Ақтауда түн ішінде көмек сұрап айқайлаған қыз видеоға түсіп қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.