jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    Талапкерлер мен педагогтарға тесттен жоғары нәтиже алуға көмектесті деген күдікпен үш адам ұсталды

    күдікті
    Күдікті. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Ақшалай сыйақы үшін талапкерлер мен педагогтарға тесттен жоғары нәтиже алуға көмектесті деген күдікпен үш адам ұсталды. Бұл туралы ҰҚК ресми сайтында хабарлады.

    "Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстары бойынша департаменттері прокуратура органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, өңірлерде Ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) және педагогтердің білімін бағалауды (ПББ) жүргізуге жауапты ұйымның жеке қызметкерлерінің тестілеу процесіне заңсыз араласу әрекетін тыйды.

    Серверлік жабдыққа және басқа да ақпараттық ресурстарға қолжетімдіктерін пайдаланып, күдіктілер арнайы бағдарламаларды қолдану арқылы талапкерлер мен педагогтардың қызығушылық танытқан компьютерлеріне қашықтан қосылып, ақшалай сыйақы үшін оларға тесттен жоғары нәтижелер алуға жәрдем көрсеткен", – делінген ҰҚК ресми хабарламасында.

    Ведомствоның мәліметінше, 19 шілде күні 3 негізгі күдікті ұсталған. Тінту барысында қашықтан қосылуды қамтамасыз ететін техникалық құрылғылар мен бағдарламалар, ақшалай қаражат және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленген.

    Қазіргі таңда аталмыш факті бойынша Қылмыстық кодекстің 207 (Ақпараттық жүйенің немесе телекоммуникациялар желісінің жұмысын бұзу) және 210-баптары (Зиян келтіретін компьютерлік бағдарламалар мен бағдарламалық өнімдерді жасау, пайдалану немесе тарату) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

    Ведомство Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейтінін атап өтті.

    Талапкерлер мен педагогтарға тесттен жоғары нәтиже алуға көмектесті деген күдікпен үш адам ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.