jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Дикий Арманды" қамауда ұстау мерзімі тағы ұзарды

    Арман Жұмагелдиев
    Арман Жұмагелдиев. Фото: instagram.com/armandzhumageldiev

    "Дикий Арман" лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауға алу мерзімі тағы да ұзартылды. Бұл туралы KAZNUR.KZ Алматы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    "Алматы Мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 4 тамыздағы ақпараты бойынша, сот қаулысымен тергеу органдарының Д.-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін 2023 жылдың 7 қыркүйегіне дейін ұзартуға санкция беру туралы өтініші қанағаттандырылды", - деп хабарлады Алматы қалалық соттың баспасөз қызметі.

    Еске салайық, Арман Жұмагелдиевтің ұсталғаны туралы өткен жылдың қаңтарында - Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде белгілі болған.

    Жұмагелдиев - Қылмыстық кодекстің 272 бабы "Жаппай тәртіпсіздіктер" және 287 бап "Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бойынша күдікті.

    Бас прокурордың орынбасары Әсет Шыңдалиев қаңтар оқиғасына қатысты жарияланған рақымшылыққа жиырмаға жуық адамның ілікпейтінін айтты. Олардың қатарында Арман Жұмагелдиевтің де бары белгілі болды.

    Биыл қаңтар айында Бас прокурор Берік Асылов Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде Дикий Арманның әрекеті қалай үйлестірілгенін және оған кім көмектескенін мәлім етті.

    "Дикий Арманды" қамауда ұстау мерзімі тағы ұзарды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.