jitsu gif
Оқыс оқиға

    "Полицейдің ұлы": желідегі видеодан соң Шымкент полициясында тергеу басталды

    Полиция көлігі
    Полиция көлігі. Фото: telegram.org/k/#@POLICE_of_KZ

    Әлеуметтік желілерді жас жігіт тізгіндеген қызметтік көліктің видеосы тарады. Аталған видеодағы жүргізуші лауазымды полицейдің туысы екені анықталды, деп хабарлайды IIM ресми Telegram-каналына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Аталған видеоны желіге құқық қорғаушы Айгүл Орынбек өзінің Facebook желісіндегі парақшасына жүктеген.

    Оның айтуынша, Шымкент көшелерінде жас бала полиция көлігін тізгіндеген. Кадрлардан расымен де көліктің рөлінде жас бала отырғанын байқауға болады.

    Аталған жайтқа ІІМ пікір білдірді.

    "Автокөлікті полиция департаменті бөлімшелерінің бірінің басшысының туысы басқарғаны анықталды. Қаратау АПБ қызметкерлері лауазымды тұлғаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 5-бөлігі "Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы" бойынша әкімшілік хаттама толтырғанын хабарлаймыз. Қазіргі уақытта осы факт бойынша Шымкент қаласының ПД жеке құрамы инспекциясы қызметтік тергеу жүргізуде, оның нәтижелері бойынша атқаратын лауазымынан шеттетілгенге дейін тәртіптік ықпал ету шаралары қабылданатын болады", - делінген полиция хабарламасында.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.