jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Шымкент лагерлерінде балалардың құқығы бұзылған

    Балалар лагері
    Балалар лагері. Фото: Шымкент қаласының прокуратурасы

    Шымкент қаласының прокуратурасы балалардың сауықтыру лагерлерінің қызметінде балалардың өмірі мен денсаулығына әсер ететін бұзушылықтарды анықтады. Бұл туралы Шымкент қаласы прокуратурасының ресми сайтында хабарланды.

    Ведомствоның хабарлауынша, Hawaii лагері өртке қарсы дабыл жүйесімен жабдықталмаған және қызметін міндеттелген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысыз жүзеге асырған, ал 2023 жылы бұл лагерге 478 бала орналастырылған.

    "Ең көбі 220 баладан аспайтын "Үш бұлақ" лагерінде 310 оқушы орналастырылған, тиісінше бір баланың ұйықтайтын орны 4 шаршы метрдің орнына 2,8 шаршы метрге дейін қысқарған.

    Сондай-ақ лагерлер қызметкерінің басым бөлігі еңбек шартынсыз жұмыс істеген, медициналық қызметтерді біліктілігі және мейірбике маманының сертификаты жоқ азаматтар көрсетуде", - делінген хабарламада.

    Ведомство ақпаратынша, медициналық кабинеттер белгіленген талаптарға сәйкес келмейді, міндетті медициналық препараттар мен жабдықтар жоқ.

    "Тексеру іс-шаралары жалғасуда, нәтижесі бойынша шаралар қабылданады", - деп атап өтті ведомствода.

    Шымкент лагерлерінде балалардың құқығы бұзылған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.