jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Павлодарда жалаңаш қыз кішкентай баланың соңынан жүгірген

    Жас қыз
    Жас қыз. Көрнекі фото: pixabay.com

    Бұған дейін қала тұрғыны Павлодарда жалаңаш жүгіріп жүріп, баланы қорқытқан қызға шағымданған болатын. Жергілікті полиция оның кім екенін анықтады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

    Басылым мәліметінше, оқиға 27 тамызда Затонский базарының маңындағы Васильев көшесінде болған.

    Павлодар полиция басқармасының Оңтүстік бөліміне әйел адам жүгінген болатын. Ол бейтаныс жалаңаш қыз алты жасар ұлының соңынан жүгіргенін айтқан. Әйелдің сөзінше, қыз жануар сияқты ырылдап, баланы қорқытқан.

    Қала тұрғыны қыз психотроптық заттардың әсерінде болды деп болжайды.

    Полицейлер күдіктінің кім екенін анықтады, ол 19 жастағы Павлодар облысының тұрғыны болып шықты. Оған қоғамдық орындарда тиісу бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 449-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.