jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Алматыда түнгі уақытта саябақта жүрген адамдарды тонаған екі күдікті ұсталды

    күдікті
    Күдікті. Көрнекі фото: hour24.ru

    Алматыда түнгі уақытта жігіттерді тонады деген күдікпен екі азамат ұсталды. Олардың бірі бұрын қарақшылық шабуыл және тонау қылмысын жасағаны үшін сотталған, деп хабарлайды Polisia.kz.

    Полиция мәліметінше, күдіктілер түнгі уақытта саябақта өтіп бара жатқан адамдарға, негізінен жас жігіттерге шабуыл жасап, олардың телефонын тартып алған. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    Полиция мәліметінше, күдіктілер 27 және 24 жастағы Алматы облысының тұрғындары. Күдіктілердің бірі бұрын қарақшылық шабуыл және тонау қылмысының жасағаны үшін сотталған.

    Полиция сотқа дейінгі тергеу амалдарын Медеу аудандық полиция басқармасы жүргізіп жатқанын мәлім етті.

    Алматыда түнгі уақытта саябақта жүрген адамдарды тонаған екі күдікті ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.