jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ЖТ
    Жұлдыз Тілебалды
    Бұрынғы қызметкер

    "Үлескерлер екі жылдан бері баспана алмаған": Атырауда құрылыс салушылар қамауға алынды

    pexels.com
    Құрылыс алаңы. Көрнекі фото: pexels.com

    Атырау облысында екі ЖШС-нің құрылтайшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, деп хабарлайды өңірлік прокуратура ресми сайтында.

    Ведомство мәлметінше, Атырау облысында "Nazik group" ЖШС және "Андорра Констракшн" ЖШС құрылтайшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, олар тұрғын үйдің үлестік құрылысына 650 млн теңге салған 30-дан астам азаматтың қаражатын заңсыз иемденді деп күдіктелуде.

    Қадағалау органының хабарлауынша, күдіктілердің әрекетінің салдарынан үлескерлер екі жылдан бері баспана алмаған. Қазіргі таңда аталған серіктестіктердің құрылтайшылары соттың санкциясымен қамауға алынған.

    Ведомство Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейтінін атап өтті.

    "Өз кезегінде, облыс прокуратурасы әрбір азаматты қырағы болуға шақырады және объективті хабардар болу үшін жергілікті атқарушы органдардың құрылыс бөліміне немесе басқармасына жүгіну қажет", - дейді прокуратура өкілдері.

    "Үлескерлер екі жылдан бері баспана алмаған": Атырауда құрылыс салушылар қамауға алынды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.