jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Тараз тұрғыны пәтер кезегіне қоюға уәде берген әйелге 600 мың теңгеге алданды

    Қолына кілт пен үйдің макетін ұстаған адам
    Кілт және үйдің макеті. Көрнекі фото: pixabay.com

    56 жастағы Тараз тұрғыны мүгедек ұлын пәтер кезегіне қоюға уәде берген әйелге 600 мың теңге берген. Қазір 63 жастағы күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

    Полиция мәліметіне сүйенсек, азаматша жаз мезгілінде оңалту орталығындағы жұмысында мүгедек ұлын баспанаға кезекке қоюға уәде берген пациентпен танысқан. Бұл қызметі үшін 600 мың теңге сұраған. Аталған ақшаны алғаннан кейін, таныс әйел байланысқа шығуды тоқтатқан.

    Полиция ақпаратынша, осы дерекке қатысты қылмыстық кодекстің 190 бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері облыс орталығының 63 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Күдікті әйел өзінің кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінген.

    Қазір тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

    Тараз тұрғыны пәтер кезегіне қоюға уәде берген әйелге 600 мың теңгеге алданды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.