jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Өрмекшінің суреті бар бетпердемен келген: Ақтауда мұғалім мен оқушы арасындағы жанжал видеоға түсіп қалды

    Өрмекшінің суреті бар бетперде
    Оқиға болған жер. Видеодан кадр: YouTube / LADAKZ

    Ақтаудағы мектептердің бірінде оқушы өрмекшінің суреті бар бетперде тағып келген. Мұғалім сыныптан шығуды бұйырғанымен, оқушы тыңдамай қарсылық білдірген. Олардың арасында туындаған жанжал видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Lada.kz.

    Басылым мәліметінше, мұғалім мен оқушы арасындағы жанжал камераға түсіп қалған. Кадрларға қарағанда, мұғалім оқушының кабинеттен шығуын талап еткен, бірақ ол қарсылық көрсете бастаған.

    Білім бөлімінің басылымға берген мәліметінше, оқушы сыныпқа өрмекшінің суреті бар бетперде тағып келіп, оны шешуден бас тартқан.

    Маңғыстау облысының полиция департаменті де оқиғаға қатысты пікір білдірді. Ведомствоның хабарлауынша, кикілжің кеше, 16 қазанда 14-ші шағын аудандағы №1 мектепте болған.

    "Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында Ақтау қаласындағы мектептердің бірінде 8-сынып оқушысының сабақ кезінде мұғалімнің сөзін тыңдамағаны туралы видео анықталды. Осы факті бойынша Ақтау қалалық ПБ кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары жасөспірімнің ата-анасын анықтап, профилактикалық әңгіме жүргізді", - деп хабарлады полициядан.

    Маңғыстау облыстық полиция департаменті мұғалім тарапынан шағым түспегенін атап өтті.

    Өрмекшінің суреті бар бетпердемен келген: Ақтауда мұғалім мен оқушы арасындағы жанжал видеоға түсіп қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.