jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Оралда танымал кәсіпкерді өлтіріп кеткен

    Полиция көлігі
    Полиция көлігі. Көрнекі фото: pixabay.com

    Оралда танымал кәсіпкерді өлтіріп кетті. Қазір полиция "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабы бойынша қылмыстық іс тергеуде. Ер адам ауруханада көз жұмған, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

    Телеарна тілшілерінің мәліметінше, кәсіпкер Сергей Губер кісі қолынан қаза тапқан. Қайғылы жағдай Оралдағы кафелердің бірінде болған.

    Полиция Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    "ПД Криминалдық полиция басқармасы мен Орал ПБ Абай полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында қылмысты жасаған күдікті анықталды. Ол бұрын сотталған Орал қаласының 1981 жылы туған тұрғыны болып шықты. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді БҚО полиция департаментінің өкілдері.

    Оралда танымал кәсіпкерді өлтіріп кеткен

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.