jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Антикор өкілі Алматы Құрылыс басқармасының экс-басшысы не себепті ұсталғанын айтты

    Ақша мен кісен
    Ақша мен кісен. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Антикорда өткен брифингте агенттік өкілі биыл жазда ұсталған Алматы қаласы Құрылыс басқармасының экс-басшысы не себепті ұсталғанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Сотқа дейінгі тергеп-тексеру Алматының тау бөктерінде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізген аясында басталып, соның қорытындысы бойынша бұл адам ұсталды. Қазір бұл іс тергелуде. Әзірге басқа ақпарат бере алмаймыз", - деді агенттік өкілі Арман Тілеукенов.

    Бұған дейін Антикор қызметін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген Алматы қаласы сәулет және қала құрылысы басқармасының бұрынғы басшысының ұсталғаны туралы хабарлаған.

    Ол жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелерінде нысаналы мақсатына қайшы және басқа да талаптарды есепке алмай, жеке құрылыс ұйымдарының мүддесіне 2020-2023 жылдары 3 көппәтерлі тұрғын үй құрылысына заңсыз рұқсат берген деп болжануда.

    Сонымен қатар Антикордың айтуынша, 2020 жылы медициналық орталық пен халыққа қызмет көрсету орталығының құрылысын заңсыз бекітіп (инвестициялық жобаларды іске асыру желеуімен) жер телімдерін мүдделі тұлғалардың жеке меншігіне негізсіз беруге ықпал еткен. Бұл әрекеттен келген жалпы шығын 487 миллион теңгені құраған.

    Биыл шілде айында күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған.

    Антикор өкілі Алматы Құрылыс басқармасының экс-басшысы не себепті ұсталғанын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.