jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    "Қазақфильм" АҚ экс-президенті жемқорлық жасады деген күдікке ілінді

    "Қазақфильм" ғимараты
    "Қазақфильм" ғимараты. Көрнекі фото: instagram.com/kazakhfilm_official

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ бұрынғы президенті жемқорлық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Антикор Telegram-дағы ресми арнасында.

    Антикоррупциялық қызмет мемлекет басшысының заңсыз сатып алынған активтерді іздеу және қайтару жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында "Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ бұрынғы президентінің қылмыстық әрекетін әшкереледі.

    "2017 жылы Алматы облысының Іле өзені жағасындағы "Көшпенді" киножобасы аясында салынған жасанды "Түркістан" бекінісі Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы басшылығымен үлестес коммерциялық ұйымның нарықтық құнынан 44 есе төмен бағамен сатылған", - делінген хабарламада.

    Құзырлы орган мәліметінше, қазіргі уақытта осы активті және жер учаскесін мемлекетке қайтару бойынша шаралар қабылданып жатыр.

    Антикор Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайтынын мәлім етті.

    "Қазақфильм" АҚ экс-президенті жемқорлық жасады деген күдікке ілінді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.