jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Шымкентте заңсыз діни дәріс берумен айналысқан келіншек жауапқа тартылды

    Ноутбук, көзілдірік, қалам
    Ноутбук. Көрнекі фото: pixabay.com

    Шымкентте лицензиясы болмаса да, діни дәріс берумен айналысқан 30 жастағы келіншек жауапқа тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы.

    Медиа-портал мәліметінше, экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар жүргізу барысында 30 жастағы қала тұрғынын анықтады.

    Келіншек діни ілімі мен заңды лицензиясының жоғына қарамастан, мегаполистегі оқу орталықтарының бірінде араб тілі және құранды толық үйрету бойынша дәріс берумен айналысқан.

    "Тәртіп сақшылары бұл жайтқа қатысты ӘҚБтК-нің 490-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырып, азаматшамен профилактикалық әңгіме жүргізді", - деп жазылған басылымда.

    Сот шешімімен заң бұзушыға 40 АЕК көлемінде, яғни 138 мың теңге айыппұл салынған.

    Шымкентте заңсыз діни дәріс берумен айналысқан келіншек жауапқа тартылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.