jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ардақ Құлтай
    Ардақ Құлтай
    Бұрынғы қызметкер

    Астаналық әйел полицейді қорлағаны үшін жауапқа тартылады (видео)

    Полицей
    Полицей. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Елордалда патрульдік полиция полкінің инспекторын қызметтік міндеттерін атқару кезінде балағат сөздермен қорлаған 29 жастағы елордалық әйел ұсталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі елордалық ПД Instagram-парақшасына сілтеме жасап.

    Кешкі уақытта полицияның "102" арнасына қала тұрғыны қоңырау шалып, дөңгелек айырбастау орталығында белгісіз әйел әдеп бұзып, орталықтан кету туралы өтінішке құлақ аспайтынын хабарлаған.

    Келіп түскен қоңырауды пысықтау барысында шара қолдану үшін мекенжайға полиция қызметкері келген. Әйел тәртіп сақшысына дөрекі сөйлеген. Полиция қызметкері әйелді тәртіпке шақырған, бірақ ол дөрекілік танытып, қорлауын жалғастырған. Тәртіп бұзушы полиция бөліміне жеткізілді.

    Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 378-бабының 1-бөлігі "Билік өкілін қорлау" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

    Астаналық әйел полицейді қорлағаны үшін жауапқа тартылады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.