jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Нұржан Әлтаев аса ірі көлемде пара алғаны үшін 10 жылға сотталды

    Нұржан Әлтаев
    Нұржан Әлтаев: facebook.com/Нуржан Альтаев

    Бүгін Астанада бұрынғы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан Әлтаевқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ елордалық сотқа сілтеме жасап.

    Сот бұрынғы вице-министрдің 2018 жылдың ақпанынан 2020 жылдың шілдесіне дейін М.-дан жалпы сомасы 115 мың АҚШ долларын және "Атамекен" АЭС-тің мүддесін лоббирлеу үшін делдал арқылы жалпы сомасы 115 мың АҚШ долларын және 8 миллион теңгеден астам пара алғанын анықтады. .

    Айыпталушының кінәсі куәлардың айғақтарымен, ұялы телефон хаттарымен, жасырын тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен, сараптама қорытындыларымен, заттай дәлелдемелермен дәлелденген.

    Сот үкімімен экс-вице-министр Әлтаев Қылмыстық кодекстің 366-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырумен 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

    Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

    Нұржан Әлтаев аса ірі көлемде пара алғаны үшін 10 жылға сотталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.